Бүгін Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

140

Матч Ақтау қаласында өтеді.    

Бүгін Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді Фото: kff.kz

Ұлттық құрамалардың кездесуі Астана уақытымен 19:50-де басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ФИФА күнтізбесіне сәйкес отандастарымыз 5-15 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Какау бастаған отандастарымыз оқу-жаттығу жиыны аясында Ақтау қаласында Әзербайжан құрамасымен 13 және 15 сәуір күндері екі жолдастық матч өткізеді.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Лео Игита, Нарун Серіков ("Ақтөбе"), Дәулет Затыбеков ("Тұлпар");

Алаңдағы ойыншылар: Эдсон, Біржан Оразов (екеуі – "Қайрат"), Арнольд Кнауб, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Ержан Карменов (екеуі – "Семей"), Азат Валиуллин ("Аят"), Жахангир Рашит ("Атырау"), Ақжол Дәрібай ("Тұлпар"), Нұрсұлтан Таңатұлы, Дамир Қайырбай (екеуі – "Каспий"), Альберт Ақбалықов ("Ақтөбе"), Ақеділ Мадияров ("Байтерек"), Александр Дерябин ("Тюмень", Ресей).

Екі құрама тағы бір жолдастық кездеуді 15 сәуір күні өткізеді.

Қазақстан чемпионатының 38-турындағы "Ақтөбеге" қарсы ойында "Қайраттың" ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов жарақат алды. Медициналық тексеру нәтижесінен кейін, Дәуреннің алдағы ойындарға қатыса алмайтыны анықталды.

Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы жарақат алған шабуылшының орнына "Каспий" клубының ойыншысы Нұрсұлтан Таңатұлын шақыру туралы шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу