Қазақстан сапында капитан Юрий Щукин Александр Бублик, Александр Шевченко, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Бейбіт Жұқаевқа сенім артты.
Кездесулер Songam Sport Town стадионының хард төсенішіндегі корттарында өтеді. Бәсекелер төрт жекелей және бір жұптық матчтан тұрады, ойындар үш сетке дейін жалғасады.
Бүгін жарысты Александр Шевченко мен Чон Хеннің жекпе-жегі ашады. Одан кейін Александр Бублик Квон Сун Уға қарсы кортқа шығады.
Ертең, 13 қыркүйекте, жұптық кездесуде Бейбіт Жұқаев пен Тимофей Скатов Нам Чжи Сун – Пак Уй Сун дуэтімен күш сынасады.
Сонымен қатар, Александр Шевченко мен Чон Хеннің, Александр Бублик пен Квон Сун Удың қайтарма матчтары өтеді.