Бүгін "Қайрат" – "Арсенал" матчы өтеді

122

Матчтың айқын фавориті лондондық клуб болғанымен, алматылықтар атағы жер жарған "Реал" мен "Спортингке" қарсы матчта тамаша өнер көрсеткенін естен шығармауымыз керек.   

Бүгін "Қайрат" – "Арсенал" матчы өтеді

Бүгін қаңтардың 28-інен 29-ына қараған түні Лондонның "Арсенал" клубы "Эмирейтс" стадионында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сегізінші тур аясында алматылық "Қайратпен" кездеседі.

"Арсенал" – "Қайрат" матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады. 

Ойынды тікелей эфирде "Qazaqstan" телеарнасынан тамашалауға болады.

Жеті турдан кейін "Арсенал" негізгі кезеңде көш бастап тұр. Жеті матчтың барлығында жеңіске жетіп, 21 ұпай жинады. Ал "Қайрат" осы уақытқа дейін жеті ойында бар болғаны бір ғана ұпай еншілеп, турнир кестесінде соңғы, 36-орында қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу