2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астана қаласында өтетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еуропалық клубтық футбол маусымының басты оқиғаларының біріне айналатын матч "Астана Арена" стадионында ұйымдастырылады. Кездесуде 2028 жылғы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары өзара шеберлік байқастырып, Суперкубок иесін анықтайды. Мұны тарихи сәтке балауға болады.
Бұл таңдау Қазақстан үшін халықаралық футбол аренасындағы маңызды қадам саналады. Өйткені, елімізде Еуропаның ең жоғары деңгейдегі клубтары қатысатын мұндай ресми кубоктық матч бұған дейін өткізілген емес.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу