БҰҰ Израильдің Газадағы әрекетін геноцид деп атады

175

БҰҰ тәуелсіз комиссиясының баяндамасы жарияланды. 

БҰҰ Израильдің Газадағы әрекетін геноцид деп атады Фото: Al Jazeera

Израильдің Газа секторындағы әрекеті геноцид деп танылды. Бұл туралы БҰҰ-ның Палестина аумағындағы оқиғаларды зерттейтін тәуелсіз халықаралық комиссиясының есебінде жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Комиссияның баяндамасы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 60-сессиясы аясында жарияланды. БҰҰ барлық мемлекетті геноцидті тоқтату жөніндегі өз міндеттемелерін орындауға шақырды.

"Израиль мен барлық ел геноцидті тоқтату және оған кінәлілерді халықаралық құқық аясында жауапқа тарту үшін шара қолдануға тиіс", – делінген құжатта.

Ақпаратқа сәйкес, комиссия бұл зерттеуді 2023 жылдың 7 қазанынан бастап жүргізген.

Олар Израиль билігі мен қауіпсіздік күштері БҰҰ Геноцид қылмысының алдын алу және жазалау туралы конвенциясында көрсетілген бес әрекеттің төртеуін жасаған деген қорытындыға келген. Атап айтқанда, жаппай адам өлтіру, ауыр дене жарақатын немесе психологиялық зиян келтіру, палестиналықтарды толық немесе жартылай жою мақсатында өмір сүру жағдайларын қолдан нашарлату, бала тууды жоюға бағытталған әрекеттер.

БҰҰ комиссиясы Израильдің мәлімдемелері мен әрекеттері геноцидтік сипатта екені көрсетілген.

"Комиссия Израильдің Газа секторындағы геноцидке жауапты деп таныды. Оның әрекеттері геноцид туралы конвенцияда жазылған белгілерге толық сәйкес келеді және палестиналықтарға қарсы бағытталған", – деді комиссия төрайымы Нави Пиллэй.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу