Былтыр бағасы қарыштаған қазақстандық футболшылардың есімі белгілі болды

2025 жылдың қорытындысын Transfermarkt порталы жасады. 

Былтыр бағасы қарыштаған қазақстандық футболшылардың есімі белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Жаңартылған рейтингте қазақстандық ойыншылардың жоғарылағаны анық байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ең қатты қымбаттаған футболшының бірі – ұлттық құраманың шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек. Бір жылда оның нарықтық құны 375 мың еуродан 600 мың еуроға дейін көтерілген. Өсім көрсеткіші 166 пайызға тең. Бұл – қазақстандық футбол үшін өте сирек кездесетін динамика. 

Екінші орын Ресейдің "Ахмат" клубында доп тебетін вингер Максим Самородовқа тиесілі. 2025 жылы оның бағасы 1,3 миллион еуродан 2,5 миллион еуроға (108 пайыздық) дейін өсті. 

Үздік үштікке семейлік "Елімайдың" орталық қорғаушысы Әділбек Жұмаханов ілінген. Оның нарықтағы бағасы 250 мың еуродан 600 мың еуроға дейін көтеріліп отыр.

Қазақстандық футболшылардың рейтингі:

  • Ғалымжан Кенжебек ("Ахмат") – 600 мың еуро (375 мың)
  • Максим Самородов ("Ахмат") – 2,5 млн еуро (1,3 млн)
  • Әділбек Жұмаханов ("Елімай") – 600 мың еуро (250 мың)
  • Ислам Чесноков ("Хартс") – 1,2 млн еуро (400 мың) +50%
  • Дамир Қасаболат ("Қайрат") – 600 мың еуро (150 мың) +33,3%
  • Стас Покатилов ("Сабах") – 600 мың еуро (100 мың) +20%
  • Артур Шушеначев ("Ақтөбе") – 600 мың еуро (100 мың) +20%
  • Александр Зуев ("Тобыл") – 700 мың еуро (100 мың) +16,7%
  • Дастан Сәтпаев ("Қайрат") – 3,0 млн еуро (-)

Еске салайық, небәрі 17 жастағы Дастан Сәтпаев биыл ғана Transfermarkt тізімін толықтырды. Жас талантқа бірден 3 миллион еуро белгіленгендіктен, портал оның өсім пайызын есептей алмаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу