Былтыр Қазақстанда қанша педагогтың тегін баспанамен қамтылғаны белгілі болды

Мұндай статистикалық деректерді Оқу-ағарту министрлігі Kazinform агенттігіне берген жауабында мысалға келтірген.  

Былтыр Қазақстанда қанша педагогтың тегін баспанамен қамтылғаны белгілі болды Фото: pin24.ru

Ведомствоның мәліметінше, педагогтерді тұрғын үймен қамтамасыз ету процесі ұдайы жалғасып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Білім басқармаларының ақпаратынша, елімізде 2025 жылы 277 педагог мемлекет тарапынан тегін тұрғын үймен (оның арасында 185-і – қалалық, 92-сі – ауылдық жерде), 184 педагог қызметтік тұрғын үймен қамтылды, ал 1025 педагог жатақханаларға орналастырылды, – деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 212 педагогке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер телімдері берілген.

– Тұрғын үйді жалға алуға 501 педагогке жағдай жасалған. Коммуналдық қызметтерге өтемақымен қамтылған (ауылдық жерлерде отынмен, сумен, көмірмен) педагогтер саны – 138 071 (оның арасында 137 773 педагог – ауылдық жерде, 298-і – қалалық жерде), – деп нақтылады Оқу-ағарту министрлігі.

Бұған дейін inbusiness.kz сайты "Қаңтарда көп қазақстандық қоныстой тойлай алмады" деген тақырыпта мақала жазған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу