Бюджет қаржысы игерілген жоқ

13408

Министрліктер мен жергілікті билік бар ақшаны жұмсай алмай отыр.

Бюджет қаржысы игерілген жоқ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, экология, геология және табиғи ресурстар, қаржы, білім және ғылым министрліктері мен жоғарғы сот бюджет қаражатын ұқсата алмаған. 

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 98,8%, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,5%, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,4% атқарылғанын тілге тиек ете келіп, республикалық бюджеттің шығыстары 9 трлн 251 млрд теңгені құрағанын, оның 45 млрд теңгесі атқарылмағанын, 17 млрд теңге үнемделіп, 28 млрд теңге игерілмегенін айтты. 

"Қаражат игерілмеуінің негізгі себептері: конкурстық рәсімдер мен шарт жасасуды ұзаққа созу және уақытылы өткізбеу, орындалған жұмыс актілерін ұсынбау, карантиндік шектеулерге байланысты тауарларды жеткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу және республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражаттың жеткіліксіздігі", – деді Ерұлан Жамаубаев үнемі айтылатын себепті алға тартып. 

Министрдің мәлімдеуінше, 4,9 трлн теңгені құрайтын жергілікті бюджеттің 80 млрд теңге атқарылмаған. 

"Биыл өңірлерге 2,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферт көзделген. Алдын ала мәліметтер бойынша, оларға 1 қыркүйекке 1,4 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде 97,9% игерілген, 29 млрд теңге атқарылмаған. Оның ішінде 7 млрд теңге үнемделді, 22 млрд теңге игерілмеді. Әсіресе Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Ақмола облыстарында қаражаттың игерілмеуі байқалады", – деді қаржы министрі.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу