Бюджетті шоғырландырудың соңғы түйіні

2284

Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі 11 айда 8,4%-ға артығымен орындалды.

Бюджетті шоғырландырудың соңғы түйіні

Биылғы жылдың қаңтар-қарашасында еліміздің мемлекеттік бюджетіне түскен салық түсімдері 7,56 трлн теңге болды. Бұл желтоқсанның басына жоспарланғаннан 8,4%-ға (586 млрд теңге) және былтырғы жылғы көрсеткіштен 25,9%-ға (1,55 трлн теңге) көп. Бұл туралы ҚР қаржы министрлігінің статистикасынен көруге болады.

Биылғы жылы мемлекеттік қазынаға түседі деп жоспарланған салықтар кірісінің көрсеткіші 7,73 трлн теңге. Осыған сәйкес нақты түсімдер бойынша жылдық бюджетті орындау үшін 170 млрд теңге жетпейді. Желтоқсан айының басында Ұлттық қордан трансферттер толық көлемде орындалған. Салықтық емес түсімдер жылдық болжамнан 7%-ға немесе 13 млрд теңгеге артығымен (200 млрд теңгеге дейін) орындалған, ал мемлекеттің меншігін сатудан биылғы жылғы жоспар бойынша 93,4 млрд теңге түсу керек болса, түсім 77 млрд болған.

Салықтық түсімдердің өсуіне қосымша құн салығына (ҚҚС) арналған салық әлі де басты драйвер болып отыр. Қараша айының соңында жоспардан тыс 86,2 млрд теңге, 2,06 трлн теңгеге дейін (бұл 2017 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішке қарағанда 34%-ға көп) жиналған. Сонымен қатар сыртқы саудаға арналған салық бойынша түсім айтарлықтай өсті – нақты және жоспарланған түсімдер арасындағы пайда 50 млрд теңгеге, 177 млрд теңгеге дейін (желтоқсанның басында барлық түсім 1,19 трлн теңге болған) өскен.

Сондай-ақ экономиканың шикізат емес секторы да жақсы айналым көрсетіп, корпоративтік пайдаға салынатын салық жоспардан төрт есе (жоспар 208 млрд теңге болғанда 154 млрд) төмендеді, халықтан түсетін табыс салығы да жоспарланған 74 млрд теңгеден қарашада 63 млрд теңгеге дейін түсті. Қорыта келе, биылғы жылдың қазан-қараша айлары қорытындысы бойынша мемлекеттік қазынаға салық бойынша былтырығы жылдың IV тоқсанындағы 2,08 трлн теңгемен салыстырғанда 1,55 трлн теңге түскен түскен.

Жалпы елдің экономикасы жоғары қарқынмен өсіп келеді деп Еуразиялық даму банкі сарапшысы өзінің қазан айындағы макрошолуында атап кетті. Алайда Еуразиялық экономикалық комиссия есептейтін жиынтық озық көрсеткіш "алдағы қысқамерзімде экономикада біршама баяулау" болатынын көрсетеді.

"Ірі МӨЗ-дерді жаңғыртудың аяқталуы өндірісті 24,1%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Мұнай өңдеуден басқа, қара металлургия (8,6% ) мен химиялық өнеркәсіп (10,7%) жоғары көрсеткіш көрсетті. Тап осы уақытта былтырғы жылмен салыстырғанда азық-түлік өнеркәсібі төмендеді, сондай-ақ тамыз-қазанда жылдам өсу көрсеткеннен кейін көмір өндіру көлемі де төмендеді", – деп жазылған ЕАДБ жарияланымында.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу