БЖЗҚ-дан 200 млрд теңге заңсыз шешілген: ҚМА зейнетақы жинағына "тіс емдеген" күдіктілердің қымбат мүлкін көрсетті

777

Қылмыстық жолмен алынған мүлікті іздестіру жалғасуда.  

БЖЗҚ-дан 200 млрд теңге заңсыз шешілген: ҚМА зейнетақы жинағына "тіс емдеген" күдіктілердің қымбат мүлкін көрсетті Фото: Видеодан скриншот

Атырау облысында зейнетақы жинақтарын заңсыз шығарудың ірі схемалары әшкереленді. Қаржы мониторингі агенттігі осыған қатысты бейнежазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Агенттіктің мәліметінше, 200 млрд теңгеден астам қаражат жалған клиникалар және 226 дроппер арқылы шығарылған.

Жарияланған видеода күдіктілер салымшылардың ақшасына 15 элиталық автокөлік құралын, қымбат зергерлік бұйымдар, коммерциялық үй-жайлар, пәтерлер мен жер учаскелерін сатып алғаны айтылған. Олардың жалпы құны 600 млн теңгеден асады. Бейнежазбада Mercedes-Benz G63, BMW X7, Cadillac Escalade, Toyota Land Cruiser 200 және т.б. көліктер көрсетілген.

Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық жолмен алынған мүлікті іздестіру жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Айта кету керек, бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы 200 миллиард теңгені заңсыз шығару фактілері анықталғанын жазған едік

Қазақстандықтар тісін зейнетақы ақшасына енді емдете алмайды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу