Cәуірде теңге бағамын дөп басқан кім?

2756

Abctv.kz сәуір айындағы теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамының дәлдігі бойынша шолуды ұсынады.

Cәуірде теңге бағамын дөп басқан кім?

Өткен айда бастау алған ай қорытындысын шығару дәстүрін жалғастыра отырып, abctv.kz сәуір айындағы сарапшылардың валюта болжамдарын бағамдайды. Бұған дейінгі материалда атап өтілгендей (http://www.abctv.kz/kz/news/nauryzdagy-tenge-bagamyn-dop-baskan-kim), үздік болжаушыны анықтау үшін біз доллар және рубль валюталарына қатысты Ұлттық банк белгілеген теңгенің ресми бағамының орташа апталық көрсеткішін қолдандық.

Сарапшылардың басым бөлігі валютаның жылжу шегін беретіндіктен, біз берілген сандарды қосып, орташа арифметикалық шаманы шығардық, осыдан соң ол консенсус болжаммен және аптаның нақты бағамымыен салыстырылды.

Әдеттегідей, abctv.kz болжамдардың өзін жариялауда және олардың дәлдігін бағалауда тек ақпараттық сипатты басшылыққа алады.

Субъективті пікірді ысырып қойып, одан әрі біз сіздердің назарыңызға теңге/доллар және теңге/рубль валюта жұптарына арналған екі диаграмманы ұсынамыз. Мәселені толығырақ зерттеу үшін төменде сәуір айының барлық болжамдарын, іс жүзіндегі бағаммен салыстырылған abctv.kz-тің мәліметін таба аласыз.

Әйгерім Сүлейменова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу