Оның сөзінше, ChatGPT қолдану бойынша тілдер арасында әзербайжан және қазақ тілдері көш бастап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Компанияның экономикалық зерттеу тобының жұмысы All-In with Chamath, Jason, Sacks & Friedberg подкастында сөз болды. Қазіргі уақытта ең жылдам дамып келе жатқан континенттер арасында Африка елдері ешкімге дес бермей келеді.
Жаза кеткен жөн, Қазақстан OpenAI компаниясы ChatGPT Edu білім беру бастамасын жүзеге асыру үшін таңдап алған жер-жаһандағы алғашқы 6 елдің қатарына енген. Жоба оқу, зерттеу және білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін жасанды интеллектінің заманауи құралдарына қолжетімділік ұсынуға бағытталған.
OpenAI мәліметінше, Қазақстан жасанды интеллектіні қолдану деңгейі жоғары елдердің қатарында тұр. ChatGPT-ді ең белсенді пайдаланушылар – 18 бен 34 жас аралығындағы жастар.
Қазақстандықтар ЖИ-ді көбіне ақпарат іздеу, практикалық ұсыныстар алу, мәтіндер жазу және оларды өңдеу үшін қолданатыны белгілі болды.