Euronews-тің жазуынша, OpenAI компаниясы қауіпсіздік шаралары күшейтілген ChatGPT for Teens чат-ботының арнайы нұсқасын іске қосқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа нұсқада өзіне-өзі зиян келтіруге қатысты контентке, сонымен қатар, романтикалық және сексуалдық сипаттағы қарым-қатынасқа қосымша шектеулер қарастырылып отыр.
OpenAI мәліметінше, жүйе пайдаланушының жасы 18-ге толмағанын анықтаса немесе пайдаланушы өзі 13-17 жас аралығында екенін көрсетсе, оның аккаунты автоматты түрде ChatGPT for Teens нұсқасына ауысады.
Бағдарлама иелері ЖИ-ді оқу мақсатында пайдалануға да ерекше көңіл бөлген. Жасөспірімдерге арналған ChatGPT оқушыларға дайын жауаптар мен орындалған тапсырмаларды ұсынбайды, демек шешімді өздігінен табуға және оқу материалын түсінуге көмектеседі.
Онда ата-ана бақылауына арналған құралдар қарастырылған. Аккаунттарды байланыстыру арқылы ата-аналар жасөспірімнің ChatGPT-ді пайдалана алмайтындай ете алады. Ал қауіп деңгейі жоғары болғанын байқаса, баланың қауіпсіздігіне қатысты хабарлама келеді.
Common Sense Media ұйымының 2025 жылғы зерттеуіне сай, АҚШ-тағы жасөспірімдердің 70 пайыздан көбі ЖИ чат-боттарды қарым-қатынас жасау үшін пайдаланған көрінеді.