Зуфархожа Акрамхожаев Англия чемпионатында доп тебетін алғашқы өзбек футболшысы атануға жақын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәліметке сәйкес, жас ойыншы іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, "Челсидің" U15 құрамына қабылданған. Зуфархожа Акрамхожаев 2010 жылы Әндіжан қаласында туған. Осыған дейін ол "Андижан-SGC" клубында ойнады.
Дереккөздер өзбекстандық футболшы лондондық клуб академиясына биылғы қыркүйек айында қосылатынын айтады. Келісімшарт 2 жылға жасалып отыр. Қазіргі уақытта қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары аяқталуға жақын тұр.
Еске салайық, бұған дейін "Челсидегі" Орталық Азиядан шыққан жалғыз ойыншы Қазақстан құрамасы мен "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ғана болды. 17 жастағы футболшы 2025 жылдың басында 4 миллион фунтқа сатып алынған еді. Қазақ ойыншысы 18 жасқа толғаннан кейін, яғни биыл тамыз айында лондондық клубқа ресми түрде қосылады.