“Челси” клубтық әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

216

“Челсидің” жолы болып, ойын тағдырын автогол шешті. 

“Челси” клубтық әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Футболдан 2025 жылғы клубтық әлем чемпионатының ширек финалында ағылшындық “Челси” Бразилияның “Палмейрас” командасын 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ойын тағдырын шешкен жеңіс голы 83-минутта соғылды.

Палмейрас 1:2 Челси
16-минут – Коул Палмер (0:1)
53-минут – Эстеван (1:1)
83-минут – Вевертон (автогол) (1:2)

Жартылай финалда “Челси”  “Флуминенсемен” кездеседі. Бразилиялық клуб ширек финалда Сауд Арабиясының “Аль-Хиляль” командасын 2:1 есебімен жеңді. 

Турнирдің қалған екі ширек финалдық ойыны 5-6 шілде күндері өтеді. 
5 шілде, 21:00 – “Пари Сен-Жермен” (Франция) – “Бавария” (Германия)
6 шілде, 01:00 – “Реал Мадрид” (Испания) – “Боруссия Дортмунд” (Германия)

Осылайша турнирдің финалына кімдер жолдама алатыны алдағы күндері анықталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу