"Қайрат" футбол клубының 17 жастағы экс-шабуылшысы Қазақстан Премьер-лигасындағы әлі де ең қымбат ойыншылар тізімін бастап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевтың нарықтық құны 3,5 миллион еуроға жетіп отыр.
Transfermarkt порталының дерегінше, жас таланттың құны 500 мың еуроға көбейген, бұл шамамен 1 миллиард 941 миллион теңгені құрайды.
Дастан Сәтпаев "Қайрат" сапында 2025 жылы Қазақстан чемпионы атанып ғана қоймай, Суперкубокты да жеңіп алды. Мұнан бөлек, Forbes-тің "30 жасқа дейінгі – 30 көшбасшы" тізімін толықтырса, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы да бұйырды.
Жаза кетейік, футболшы Лондонның "Челси" клубына 4,3 миллион еуроға (шамамен 2 миллиард 385 миллион теңге) ауысқан еді. Бұл – Қазақстан футболы тарихындағы ең қымбат трансфер.
Дастан Сәтпаевта "Қайрат" пен Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас дебютанты және ең жас гол авторы" деген де атақ бар. Сонымен қатар, ол есімін Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас 3 футболшының қатарына енгізді.
Бұған дейін 17 жастағы футболшы Дастан Сәтпаевтың "Қайратпен" қоштасқанын жаздық. Осы "Қызылжарға" қарсы ойында Сәтбаев дубль авторы атанды.