Чемпиондар лигасында "Қайрат" пен "Семей" сенімді жеңіске жетті

Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойында қазақстандық қос клуб та жақсы нәтиже көрсетті. 

Чемпиондар лигасында "Қайрат" пен "Семей" сенімді жеңіске жетті Фото: ҚФФ

Алматылық "Қайрат" "Ново Вриеме" командасынан басым түссе, "Семей" "Хрудим" клубын тізе бүктірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қайрат" төртінші топта сынға түсуде. Қарсыласы – әйгілі "Спортинг" (Португалия) және "Приштина" (Косово), "Ново Вриеме" (Хорватия).

Біржан Оразов ойынның 8 және 9-минутта мергендігімен танылып, дубль авторы атанды. Одан соң 16-минутта Эдсон Сантос таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді. Екінші таймда хорватиялық клуб есеп айырмасын қысқартумен шектелді. Кездесу 3:2 есебімен аяқталды. 

"Қайрат" бүгін, яғни 30 қазан күні Португалияның "Спортингімен" алаңға шықса, 1 қарашада косоволық "Приштинаға" қарсылас атанады. 

Аталған турнирде қазақстандық "Семей" командасы да тартысты ойын көрсетуде. Үшінші топтағы алғашқы ойынында олар "Хрудим" клубын 9:5 есебімен тас-талқан етті. 

Семейлік ұжым 30 қазанда "Этуаль" (Франция), 1 қарашада "Пальма" (Испания) командаларымен өзара мықтыны анықтамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу