Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан командалар анықталды

149

Плей-офф матчтары наурыз айында өтеді. 

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан командалар анықталды Фото: Global Look Press

28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні Чемпиондар лигасының 2025-26 маусымындағы жалпы кезеңнің қорытынды, 8-туры мәресіне жетті. 

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алғаш рет қатысқан "Қайрат" жалпы кезеңдегі 8 матчтың 7-еуінде жеңіліс тапты. Статистикаға көз жүгіртер болсақ, алматылықтар 7 гол соғып, өз қақпасына 22 гол жіберді. Нәтижесінде команда Чемпиондар лигасының кестесінде соңғы 36-орынды иеленіп, плей-оффқа шыға алмады. 

Жалпы кезеңнің нәтижесі бойынша турнирдің плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар белгілі болды. Олардың қатарында 1/8 финалға тікелей жолдама алған клубтар мен өтпелі матчтарға қатысатын ұжымдар бар.

Турнирлік кестеде жоғары орын алған 8 команда финалға тікелей жолдама алды. Олар: "Арсенал", "Бавария", "Ливерпуль", "Тоттенхэм", "Барселона", "Челси", "Спортинг" және "Манчестер Сити".

Ал тағы 16 клуб 1/8 финалға жолдама алу үшін өтпелі матчтарда бақ сынайды. Бұл тізімге "Реал Мадрид", "Интер", "ПСЖ", "Ньюкасл", "Қарабах", "Ювентус", "Атлетико Мадрид", "Аталанта", "Байер", "Боруссия Дортмунд", "Олимпиакос", "Брюгге", "Галатасарай", "Монако", "Қарабах", "Буде-Глимт" және "Бенфика" клубтары енді.

Чемпиондар лигасының алғашқы өтпелі матчтары 17 және 18 ақпанда ұйымдастырылса, жауапты кездесулер 2026 жылдың 24-25 ақпанына жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу