Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысатын 36 клуб анықталды

198

28 тамызда әр команданың кімдермен кездесетіні белгілі болады.  

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысатын 36 клуб анықталды Фото: kff.kz

УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымында жалпы кезеңде өнер көрсететін барлық 36 команда анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іріктеу кезеңінің плей-офф сатысындағы соңғы қарымта кездесулер аяқталып, Еуропаның басты клубтық турнирінің жалпы кезеңіне жолдама алған командалардың толық құрамы жасақталды.

Жалпы кезеңнің жеребесі 28 тамызда өтеді. Рәсім Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Жеребе қорытындысы бойынша 36 клуб жалпы кезеңдегі қарсыластарын біледі.

Биылғы қатысушылар арасында Еуропаның "Реал", "Барселона", "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Бавария", "ПСЖ", "Интер" секілді алпауыттарымен қатар іріктеу арқылы тарихи нәтижеге қол жеткізген командалар да бар.

Солардың бірі – қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсететін әзербайжандық "Сабах". Баку клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

Жалпы кезеңге қатысатын 36 клубтың тізімі төмендегідей: 

  • Англия: "Арсенал", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Астон Вилла", "Ливерпуль".
  • Испания: "Барселона", "Реал Мадрид", "Атлетико", "Вильярреал", "Реал Бетис".
  • Германия: "Бавария", "Боруссия Дортмунд", "РБ Лейпциг", "Штутгарт".
  • Италия: "Интер", "Наполи", "Рома", "Комо".
  • Франция: "Пари Сен-Жермен", "Ланс", "Лилль".
  • Португалия: "Порту", "Спортинг".
  • Нидерланд: ПСВ, "Фейеноорд".
  • Түркия: "Галатасарай", "Фенербахче".

Сонымен қатар Бельгияның "Брюгге", Украинаның "Шахтер", Чехияның "Славия", Норвегияның "Будё-Глимт" пен "Викинг", Әзербайжанның "Сабах", Аустрияның ЛАСК, Грекияның АЕК және Словакияның "Слован" клубтары жалпы кезеңге шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу