COVID-19: Шекарадан өту талабы жеңілдеді

5270

Жүк тасымалдаушылар ПЦР-тест нәтижесін күтпесе де болады.  

COVID-19: Шекарадан өту талабы жеңілдеді

Сырттан тауар тасымалдаушы жүгізушілер шекарадан өткенде ПЦР-тест нәтижесін күтпей-ақ, сапарын жалғастыра алады. Бас санитар Айжан Есмағамбетова өзінің кеше шығарған қаулысына қатысты осындай түсініктеме берді.

"6 маусымда бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Бірінші кезекте әуе рейсімен ұшып келгендерге қатысты өзгеріс бар. Бүгінгі таңда халықаралық әуе рейстері  жанданған жоқ. Сондықтан елге тек шеттегі қазақстандықтар оралып жатыр. Яғни бұларды эвакуациялық рейстер деп атауға болады. Мұндай рейспен келген жолаушылар 2 күн бойы жеке стационарға алынып, кейін 14 күнге карантинге жіберілетін. Ал шекараны кесіп өтерден 5 күн бұрын COVID-19 індетін жұқтырмағаны туралы анықтама алғандар стационарға оқшауланбай-ақ, үй карантиніне жіберілді. Бұл талапты біртіндеп жеңілдетіп жатырмыз. Кешегі қаулы бойынша анықтама жүйесі сақталады. Ал анықтамасы жоқ жолаушылар екі күн стационарда зерттеледі. Егер инфекция анықталамаса, қолхат беріп, соның негізінде үй карантиніне жатқызылмайды. Қолхат бойынша COVID-19 нұсқаулығында көрсетілген белгілер байқалған жағдайда бірден дәрігерлерге жүгінуге міндет алады. Бұл талап қазақстандықтарды әкелген әуе рейстеріне ғана қатысты екенін қайталап айтамын. Яғни, халықаралық әуе рейстері туралы айту әлі ерте", – деген Айжан Есмағамбетова бір сырттан тауар тасып жүрген көлік иелеріне қатысты талапқа кеңінен тоқталды.

"Екінші норма бойынша, шекарадан авткөлікпен  өткендерге қатысты. Бұған дейін олар міндетті түрде дене қызуын өлшететін. Егер қызуы жоғары болса, зерттеу үшін сол бекетте қалып, инфекция анықталамаса, үй карантиніне жіберілетін. Жаңа қаулы бойынша халықаралық тасымалмен айналысатын жүргізушілер ПЦР-тест тапсырады. Бірақ лабороториялық зерттеу нәтижесін күтуге міндетті болмайды, маршруттық парақ бойынша сапарын жалғастыра береді. Ал лабороториялық зерттеу індетті анықтаса, жүргізушіні өзі толтырған анкета бойынша тауып аламыз.  Сол жердегі дәрігерлер оның ағзасындағы ауру симптомын бағалайды. Егер симптомсыз болса, сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, сапарын жалғастыра алады.  Тұрғылықты мекенжайына  жеткеннен кейін ғана үй карантиніне алынады. Бұл талаптың шекарадан өтетін жолаушыларға қатысы жоқ. Шекаралық өңірде тұратын жолаушылар тиісті тест тапсырады да, діттеген жеріне жүре береді. Баратын орынға жеткеннен кейін ғана үй карантиніне алынады. Яғни, екі күн бойы стационарда жатпайды. Ал шекаралық өңірде тұрмайтын жолаушылар шекараны кескенде екі күн стационарға жатып, тест нәтижесін күтуі керек. Халықаралық жүк тасымалдаушылардың қозғалысын жаздағы азық-түлік тасымалының артуына байланысты жеңілдетіп отырмыз. Өйткені жазда тасымалданатын заттың көбі тез бүлінетіні белгілі. Ал ПЦР-тест нәтижесін күту біршама уақыт алады", –  деді маман.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу