Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында спорттық құзға өрмелеуден жылдамдық бағдарламасының финалы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан командасының спортшысы Дамир Тоқтаров ақтық сында 3-орын алды. Бұл сында Қытай өкілі топ жарса, ирандық Реза Фард Әлипур күміс жүлдеге қол жеткізді.
Осыған дейін Дамир жартылай финалда 4.789 секунд нәтижесімен Олимпиада чемпионы Леонардо Ведрикті (Индонезия) басып озып, 2-орынмен финалға өткен.
Тағы бір отандасымыз Париж Олимпиадасының қатысушысы Әмір Маймұратов жартылай финалда өз тобында 3-сатыдан көрінді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу