Данил Васильев жазғы Гран-при кезеңдерін жалпы есепте үшінші орынмен аяқтады

82

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Данил Васильев жазғы Гран-при жарыстарының жалпы есебінде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Данил Васильев жазғы Гран-при кезеңдерін жалпы есепте үшінші орынмен аяқтады Фото: olympic.kz

Серияның соңғы кезеңі Германияның Клингенталь қаласында өтті. Маусым қорытындысы бойынша отандасымыз 201 ұпай жинап, үздік үш спортшының қатарына енді.

Жалпы есепте 450 ұпай жинаған жапониялық Наоки Накамура жеңімпаз атанды. Екінші орынды 216 ұпаймен австриялық Даниэль Чофениг иеленді. Ал швейцариялық Грегор Дешванден 196 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.

Осылайша Данил Васильев жазғы Гран-при жарыстарының жалпы есебінде үшінші орын алып, шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан тарихындағы айтулы жетістіктердің біріне қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу