Дзюдошы Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында жеңімпаз атанды

188

28-29 наурыз күндері Хорватияда дзюдодан өтіп жатқан Еуропа кубогында 9 қазақстандық спортшы сынға түсуде. 

Дзюдошы Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында жеңімпаз атанды Фото: olympic.kz

Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ересектер арасындағы Еуропа кубогы басталды. Байрақты бәсекенің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, 3 бірдей жүлдеге қол жеткізді.

Атап айтқанда, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Шамшаев барлық қарсыласын тізе бүктіріп, турнирдің жеңімпазы атанды. Ал 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дамир Болатбеков финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді. Әйелдер арасында +78 келі салмақта өнер көрсеткен Толқын Тұрсынақынова қола жүлдені қанағат тұтты.

Жалпы, Еуропа кубогына 32 елден 305 спортшы қатысуда. Халықаралық дода 2026 жылдың 29 наурызына дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу