Дәрігер: "Кетерінде сап-сау деген анықтамасы болды"

1823

Щучинскіге лагерьге барып, жұмбақ жағдайда қайтыс болған Нұрдәулет Манаптың еш жері ауырмаған. Бұл туралы Хромтау аудандық ауруханасының бас дәрігері Мақсат Серғазин айтты.  

Дәрігер: "Кетерінде сап-сау деген анықтамасы болды" Фото: inbusiness.kz

9-сынып оқушысы Хромтау қаласындағы мектептердің бірінде оқыған. 8-қаңтарда жолға шықпас бұрын толықтай дәрігерлік тексерістен өткен.

"Жолдама бойынша сауықтыру лагеріне баратын болды. Одан бұрын біздің жалпы тәжірибедегі дәрігеріміз оқушының денсаулығын тексерді. Соңында "дені сау" деген анықтама берді. Анализдерінің бәрі қалыпты болған. Анасы мен жақындарының айтуынша, біз: "Балада қаназдық болған, ісік белгілері бар деген сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен келіспейміз. Егер онкологиялық індет болса, оның белгілері байқалуы керек еді", - деді Хромтау аудандық ауруханасының бас дәрігері Марат Серғазин.

14 жастағы Нұрдәулет Манап Хромтау қаласында тұрған. Өнерлі оқушының сабақ үлгерімі де жақсы болған. Жақындары да қатерлі ісікпен ауырған дегенге сенгілері жоқ.

"Балдәурен" балалар лагеріндегі жағдайға қатысты оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев түсініктеме берді: "Нұрдәулет баламыздың қайтыс болуына орай ата-анасына көңіл айтамын. Бұл мәселе бойынша министрліктің комиссиясы құрылды. Барлық мәселе әділетті түрде қатаң тексеріледі. Бұл - менің жіті бақылауымда. Комиссияның тексеру қорытындысы бойынша лагерьдің басшысына қатаң жаза қолданылады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу