29 қазақстандық команда халықаралық роботтар чемпионатына жолдама алды

194

Daryn FIRST Qualifier 2026 роботтар фестивалі өз мәресіне жетті. 

29 қазақстандық команда халықаралық роботтар чемпионатына жолдама алды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Іс-шараға Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарынан, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 200-ге жуық команда мен 1500-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екі күн бойы 4-18 жас аралығындағы қатысушылар инженерия, бағдарламалау және робототехника бағыттары бойынша өз білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.

Фестиваль FIRST халықаралық бағдарламасының төрт санаты бойынша ұйымдастырылды: FIRST LEGO League Discover, FIRST LEGO League Explore, FIRST LEGO League Challenge және FIRST Tech Challenge.

2025-2026 оқу маусымының тақырыбы – археология. Маусым аясында қатысушылар адамзат тарихын зерделеу, мәдени мұраны сақтау және өткеннің құпияларын заманауи технологиялар арқылы зерттеуге бағытталған жобалар әзірледі.

Командалар археологиялық зерттеулерге қатысты өзекті мәселелерді талдап, роботтар көмегімен инженерлік тапсырмаларды орындады, сондай-ақ тарихи деректерді цифрландыру мен сақтау бойынша инновациялық шешімдер ұсынды.

Фестиваль қорытындысы бойынша 29 үздік команда халықаралық деңгейдегі келесі кезеңдерге – Kazakhstan Central Asia FIRST Championship 2026 жарысына жолдама алды. Аталған чемпионат 2026 жылғы ақпан айында Астана қаласында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу