Дастан Сәтпаев әлемдік футбол тарихына өз есімін жазды

82

Дастан әлем чемпионатына іріктеуде гол соққан ең жас футболшылардың үздік үштігіне ілінді. 

Дастан Сәтпаев әлемдік футбол тарихына өз есімін жазды

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрамасының Бельгияға қарсы өткен матчында Дастан Сәтпаев ұлттық құрамамыз сапында гол соққан ең жас футболшы атанды. Ол осы көрсеткішімен 2018 жылы Венгрия қақпасына 18 жасында гол соққан Еркебұлан Сейдахметтің рекордын жаңартты.

Халықаралық статистика деректері бойынша, Дастан тек Қазақстан деңгейінде ғана емес, бүкіл әлемдік іріктеу ойындары тарихында да жас дарындылар қатарынан табылды. Әлем чемпионаты іріктеуінде гол соққан ең жас үш футболшының тізімі төмендегідей:

Кендри Пайес (Эквадор) – 16 жас 5 ай
Улафала Сонгаси (Тонга) – 17 жас 1 ай
Дастан Сәтпаев (Қазақстан) – 17 жас 3 ай

Жас футболшының маңызды ойында гол соғуы ұлттық құраманың мүмкіндігінің кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Оның дебюттік голы Қазақстан тарихындағы ең жас автор ретінде тіркеліп, халықаралық аренаның ресми статистикасында орын алды.

Айта кету керек, Дастан Сәтпаев алдағы 18 қарашада өтетін Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуге қатыспайды. Өйткені ұлттық құраманың бас бапкері "Қайрат" клубының ойыншыларына соңғы ауыр матчтан кейін демалыс берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу