Қазақ футболының жарық жұлдызы "Мидлсброға" қарсы ойында негізгі құрамнан табылды. Ол матчтың 81-минутында ғана ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Чемпионшиптің 4-турында өткен "Бернли" – "Мидлсбро" матчының үздік ойыншысы атанып отыр.
Ойын Бернлидегі "Терф Мур" стадионында өтіп, қос команда 1:1 есебімен тең тарқасқан. Қазақстан құрамасы мен "Бернлидің" шабуылшысы Дастан Сәтпаев алаңға негізгі құрамда шыққанымен, матчтың 81-минутында өз орнын әріптесіне берді. .
Қазір "Бернлидің" турнирлік кестедегі жағдайы мәз емес. Команда 2 ұпаймен 23-орынға жайғасқан. Ал "Мидлсбро" 7 ұпаймен 5-орында келеді.