Дастан Сәтпаев "Бернли" сапындағы алғашқы матчын өткізді

267

Футболшы "Бернли" сапында 12-нөмірмен өнер көрсетеді.   

Дастан Сәтпаев "Бернли" сапындағы алғашқы матчын өткізді Фото: burnleyfc.com

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англияның "Бернли" клубындағы дебютін жасады. 18 жастағы қазақстандық футболшы Чемпионшиптің екінші турында "Вест Бромвичке" қарсы кездесуде алаңға шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Чемпионшиптің екінші турында өткен матчты Сәтпаев қосалқы құрамда бастады. Кездесудің 57-минутында ол Джош Лоренттің орнына ойынға қосылып, бас бапкер Грегуар Кудер қазақстандық ойыншыға мүмкіндік берді.

Шабуылшы дебюттік кездесуінде гол немесе нәтижелі паспен көзге түсе алмады. Дегенмен ойын барысында бірнеше рет қарсылас қорғаушыларын алдап өтіп, "Вест Бромвич Альбион" қақпасына қауіпті шабуылдар ұйымдастыруға атсалысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу