Дастан Сәтпаев "Челси" сапында дебюттік матчқа қатысады

392

Қазіргі таңда Дастан "Челсимен" бірге Сиднейде оқу-жаттығу жиындарында жүр.  

Дастан Сәтпаев "Челси" сапында дебюттік матчқа қатысады Фото: football-fun-live.com

Бүгін Дастан Сәтбаев "Челси" сапында матчқа қатысады. Лондондық клуб Аустралияның Сидней қаласындағы халықаралық турнирде бақ сынағалы жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

17 жастағы қазақ баласы 28 ойыншының тізіміне ілікті. Тіпті турнир ұйымдастырушылары жарыстың ресми постерін жариялап, онда қазақстандық шабуылшыны ағылшын клубының басты жұлдыздарының қатарында көрсетті. Афишада Дастанмен бірге Коул Палмер, Жоао Педро, Лиам Делап секілді футболшылар бар. Бұл Дастан Сәтбаев үшін "Челсидің" негізгі командасы сапындағы алғашқы қадамы болмақ.

Сонымен қатар бұл матчтар Дастанның өзін дәлелдеп, негізгі құрам сапынан орын алуына таптырмас мүмкіндік саналады. Айта кетейік, англиялық "Челси" мен аустралиялық "Вестерн Сидней Уондерерс" арасындағы матч бүгін Астана уақытымен 14:45-те басталады.

Дастан Сәтпаев биыл тамыз айында 18 жасқа толғаннан кейін ғана "Челси" сапына ресми қосыла алады.

Ал, "Челсидің" келесі қарсыластары:

  • 1 тамыз – "Тоттенхэм" (Англия);
  • 5 тамыз – "Ювентус" (Италия);
  • 8 тамыз – "Милан" (Италия);
  • 9 тамыз – "Джохор" (Малайзия);
  • 15 тамыз – "Реал Сосьедад" (Испания).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу