Дастан Сәтпаев "Челси" сапында негізгі құраммен алаңға шығып, 6 минутта гол соқты

735

Отандасымыз жолдастық кездесуде "Вестерн Сидней Уондерерс" командасына қарсы алаңға шықты.  

Дастан Сәтпаев "Челси" сапында негізгі құраммен алаңға шығып, 6 минутта гол соқты Фото: blueseasondaily.com

Қазақстандық жас талант Дастан Сәтпаев Англияның "Челси" командасы сапында негізгі құраммен алаңға шығып, небәрі 6-минутта гол соғып үлгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

17 жастағы Дастан Сәтпаев осылайша өзіне берілген алғашқы мүмкіндікте гол соғып үлгерді.

Айта кетейік, "Челси" мен "ВС Уондерерс" арасындағы жолдастық матч Аустралияның Сидней қаласында маусым алдындағы дайындық барысында өтіп жатыр. Дастан Сәтпаев алдағы тамыз айында кәмелет жасына толғаннан кейін ресми түрде "ақсүйектердің" ойыншысы атанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу