Дастан Сәтпаев "Челсиге" оралатын болды

Өкінішке қарай, бұл ауысу уақытша әрі жарақатын емдету үшін ғана.   

Дастан Сәтпаев "Челсиге" оралатын болды Фото: nur.kz

Осылайша, Қазақстан құрамасының шабуылшысы жарақатынан айығу кезеңінде "Бернлиден" Лондонның "Челси" клубына уақытша келмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жаза кеткен жөн, 18 жастағы футболшы Англия Чемпионшипінің төртінші турында "Мидлсброға" қарсы өткен кездесуде жарақат алған еді. Негізгі құрамда алаңға шыққан Дастан Сәтпаевтың 81-минутта жайсыздыққа байланысты ауыстыруды сұрағаны спортсүйер қауымға белгілі. 

Артынша қазақстандық шабуылшының санының артқы бұлшықетін жарақаттап, бірнеше аптаға қатардан шығып қалды. 

Д.Сәтпаев 2026/27 жылғы маусымның соңына дейін Чемпионшип клубында жалға алу негізінде доп тебуі тиіс. Жарақатынан толық айыққаннан соң шабуылшы "Бернли" сапына қайта қосылады. 

Қазақстандық ойыншы биыл "Бернлидің" 4 кездесуіне қатысып, оның үшеуін негізгі құрамда бастады. "Мидлсброға" қарсы ойында ол команданың үздік футболшысы атанып, арнайы жүлдеге ие болды. 

Дастан Сәтпаев "Челсимен" 2033 жылға дейін келісімшарт жасасқан. Лондондық клуб оны 2026/27 жылғы маусымда тәжірибе жинақтауы үшін "Бернлиге" жалға берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу