Дастан Сәтпаев FIFA Series турнирінде Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды

104

Дастан Сәтпаевтың орнына Оралхан Өміртаев ұлттық құрамаға шақырту алды. 

Дастан Сәтпаев FIFA Series турнирінде Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды
 

Жарақатына байланысты Сәтпаев маусымаралық кезеңде алматылық клубтың оқу-жаттығу жиындарына қатыса алмады. Сондай-ақ ол 4 ойында да алаңда толық ойын өткізбеді. 

Осы орайда бапкерлер штабының шешімі бойынша Дастан Сәтпаевтың орнына Оралхан Өміртаев ұлттық құрама сапына шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– "Челси" клубының медициналық штабынан Дастан Сәтпаевтың қазіргі жағдайы мен наурыздағы халықаралық үзіліс кезінде толық қалпына келуі керек екені туралы ұсыныс алдық.

Қазақстан құрамасының медициналық штабымен бірге талқылап, жағдайды бағалағаннан кейін, ойыншыға толық қалпына келуге мүмкіндік беру туралы шешім қабылдадық.

Сәтпаевтың орнына Қазақстан құрамасына қазіргі таңда жақсы формада жүрген Оралхан Өміртаев шақырылды. Ол ұлттық құрама алдындағы міндеттерді орындауға дайын, - деді ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Астанада өтетін FIFA Series 2026 турнирінде бақ сынайды. Алғашқы ойын 25 наурызда "Астана Аренада" Намибияға қарсы өтеді. Матч 17:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу