Дастан Сәтпаев Катарда медициналық тексеруден өтеді

259

17 жасар футболшы ӘЧ-2026 іріктеуіндегі Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға қатысатын футболшылардың кеңейтілген тізімінде болған. Алайда, соңғы сәтте жарақаты бары анықталып, шет қалды.

Дастан Сәтпаев Катарда медициналық тексеруден өтеді

Алматылық "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев бүгін түнде Дохаға (Катар) ұшады. Ол жерде футболшы қосымша медициналық тексеруден өтеді.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, футболшыны Катарға жіберу туралы шешім дәрігерлердің ұсынысы бойынша, диагнозды нақтылау және денсаулық жағдайын тереңірек талдау мақсатында қабылданған.

Медициналық тексеру Катардың жетекші клиникаларының бірінде өтеді. Оның қорытындысынан кейін ойыншының қалпына келу жоспары анықталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу