Дастан Сәтпаев өнер көрсететін "Бернли" маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

200

Англияның Чемпионшип лигасының 9-шы турында "Бернли" сырт алаңда "Уотфордты" 4:0 есебімен жеңді.

Дастан Сәтпаев өнер көрсететін "Бернли" маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді Фото: Robbie Jay Barratt

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін алаңға қайта оралды, деп жазады inbusiness.kz сайты sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Кездесудің алғашқы таймында "Бернли" 3 гол соқты. 13-минутта Якуб Бруун Ларсен есеп ашса, араға 6 минут салып Зеки Амдуни командасының басымдығын арттырды. Ал 25-минутта Рео Хатате үшінші голды соқты.

Екінші таймда да қонақтар ойын тізгінін бермеді. Матчтың 87-минутында Маркус Эдвардс бұрыштама добынан кейін гол соғып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.

Жарақатынан айыққан Дастан Сәтпаев матчты қосалқы құрамда бастады. Ол 74-минутта Якуб Бруун Ларсеннің орнына алаңға шықты. Қазақстандық футболшы ойынға қосылған кезде "Бернли" 3:0 есебімен алда тұрған еді.

Осы нәтижеден кейін команда 7 ұпай жинап, турнир кестесінде бір саты жоғарылады. Дегенмен "Бернли" әзірге 23-орында қалып, төменгі дивизионға түсіп қалу қаупі бар аймақта тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу