Дастан Сәтпаев жаңа рекорд орнатты

334

"Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының 1-іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін сырт алаңда өткізді. Алматылықтар Словения астанасы Люблянада өткен матчта жергілікті "Олимпиямен" 1:1 есебімен тең түсті. 

Дастан Сәтпаев жаңа рекорд орнатты

Кездесудің алғашқы таймында есеп ашылмады. Дегенмен алаң иелері бір гол соққанымен, төреші оны офсайд үшін есепке алмады. "Қайрат" та бірнеше сәтте алға шығуға мүмкіндік алған еді. Әсіресе португалиялық Жоржиньо екі жақсы мүмкіндікті мүлт жіберді.

Екінші таймда алматылықтар шабуылды күшейтіп, тамаша нәтижеге қол жеткізді. 60-минутта небәрі 16 жастағы Дастан Сәтпаев қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасын алға шығарды. Оған пас берген сол Жоржиньо.

Айта кету керек, дәл осы ойында Сәтпаев Қазақстан тарихындағы Чемпиондар лигасындағы ең жас дебютант әрі гол соққан ойыншы атанды. Ол 90-минутта алмастырылды.

Алайда "Олимпия" тез ес жиып, 66-минутта есепті теңестірді. Гол авторы Диогу Пинту. Словениялық клуб ойын соңында тағы бір қауіпті шабуыл жасап, доп бағанаға тиіп кері қайтты. Осылайша командалар тең тарқасты. 

Қарымта кездесу 15 шілде күні Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу