Дастан Сәтпаевты "Челсиге" дайындау процесі басталды

Sports.kz порталының жазуынша, 17 жастағы қазақстандық шабуылшының тәлімгері тегін адам емес. 

Дастан Сәтпаевты "Челсиге" дайындау процесі басталды Фото: kazfootball.kz

"Nigel James Elite Coaching" атты танымал футбол академиясы Дастан Сәтпаевты топ-клубқа дайындауға кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, академияның негізін қалаушылардың бірі Найджел Джеймс Сәтпаевқа көмек қолын созады. Бұл туралы айтулы академияның әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы жариялады. Ондағы мәліметке сәйкес, англиялық мамандар Қазақстан құрамасының шабуылшысына қолдау көрсетіп, кәсіби дамуына жеке менторлық жасайды. 

– "Nigel James Elite Coaching" талантты Дастан Сәтпаевқа қолдау көрсетіп, тәлімгерлік ету құрметіне ие болды. Дарынды жас ойыншы келесі маусымда "Қайраттан" лондондық "Челси" клубына ауысуды жоспарлап отыр. 17 жастағы шабуылшы – Қазақстан футболында соңғы жылдары шыққан ең жарқын таланттардың бірі. Осылайша, Дастан Сәтпаевты, "Nigel James Elite Coaching" академиясын және "Челси" клубын қызықты оқиғаларға толы кезең күтіп тұр, – делінген академия таратқан ақпаратта. 

Ағылшын мамандары футболшының "Челсиге" толыққанды ауысуына дейін жауап береді. 

Еске салайық, Найджел Джеймс – "Челси" клубының қорғаушысы әрі капитаны Рис Джеймстің әкесі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу