Ойынның 11-минутында "сары-қаралардың" қақпашысы Темірлан Анарбеков қарсылас ойыншымен қақтығысып, жарақат алды. Ол алаңды зембілмен тастап, қақпаны Шерхан Қалмұрза қорғауға кірісті.
Матчтағы жалғыз әрі жеңіс голын 52-минутта 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев соқты. Ол Еркін Тапаловтың дәл пасын пайдаланып, қонақтар қақпасына мүлт кетпей соққы жасады.
Бұл нәтижеден кейін “Қайрат” 49 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Екінші орында – 46 ұпайы бар “Астана”. Алайда елордалық клубтың бір ойыны артық, олар бүгін, 14 қыркүйекте, “Елімайға” қарсы алаңға шығады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу