Дастан Сәтпаевтың "Қайратпен" қоштасатын күн белгілі болды

738

Футболшы осы айда "Қайраттағы" соңғы кездесуін өткізбек.  

Дастан Сәтпаевтың "Қайратпен" қоштасатын күн белгілі болды Фото: sports.kz

17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев алматылық "Қайрат" сапындағы әзірге соңғы ойыны қашан өтетінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Клубтың үй матчтарының ресми жүргізушісі Артур Асқарұлымен болған блиц-сұхбатта Сәтпаев өзінің "Қайрат" жейдесіндегі соңғы кездесуі маусым айындағы үй ойындарының бірінде өтетінін айтты.

"Қазіргі жоспар бойынша соңғы матчым 17 немесе 21 маусым күні болады. Бұл – өз алаңымыздағы ойын", – деді Сәтпаев.

Сондай-ақ жас шабуылшы "Челси" клубындағы қаралым мен Хаби Алонсомен қайта кездесуге қатысты пікір білдірді.

"Жалпы, қобалжу жоқ. Ең бастысы – өз қалауың мен жігеріңді көрсету. Сол жігердің арқасында ол жақта орнығып қаламын деп ойлаймын", – деді қазақстандық талант.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу