Дастан Сәтпаевтың голы "Қайратқа" жеңіс сыйлады

251

"Қайрат" турнирлік кестеде көш бастады.

Дастан Сәтпаевтың голы "Қайратқа" жеңіс сыйлады Фото: Қайрат ФК

"Қайрат" пен "Ақтөбе" командалары Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымының екінші турындағы орталық матчта кездесті.

Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Матч барысында екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Бірінші таймда қонақтарды бірнеше рет қақпашы Александр Заруцкий құтқарып қалды. Алаң иелері ойын барысында басымдық танытқанымен, үзіліске дейін есеп аша алмады.

Екінші таймда алаңға шыққан Дастан Сәтпаев ойын тағдырын шешті. Ол қарсылас ойыншысы Даниэль Сосадан допты тартып алып, "Қайратқа" жеңіс әкелген жалғыз голды соқты. Қорытынды есеп – 1:0.

Осы жеңістен кейін "Қайраттың" еншісінде 6 ұпай болып, команда турнирлік кестеде көш бастады. Ал "Ақтөбе" 3 ұпаймен 4-орында қалды.

Келесі турда "Қайрат" 21 наурыз күні Алматыда "Жетісу" командасын қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу