Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын алды

90

Қазақстандық спортшы 54 келіде 192 келіні көтерді.

Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын алды Фото: ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram

Қазақстандық Давид Дегтярев Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол пара пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Спортшы 192 келіні көтеріп, Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты.

Айта кетейік, бұған дейін Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов алтын жүлдеге қол жеткізген.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын медаль бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу