Davis Cup. Қазақстан құрамасы Болгарияны жеңіп, іріктеудің финалына жолдама алды

605

София қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Болгарияны ұтты.

Davis Cup. Қазақстан құрамасы Болгарияны жеңіп, іріктеудің финалына жолдама алды Фото: ktf.kz

Жарыстың алғашқы күні Қазақстанның екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов пен дүниежүзілік рейтингте 179-орында тұрған Димитар Кузманов кортқа шықты. Бірінші партияда корт иесі 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Скатов 3:0 есебімен алға кеткенімен, болгариялық спортшы таразы басын теңестірді. Дегенмен, Тимофей мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4. Содан кейін шешуші, үшінші сетте бәсекені жеңіспен түйіндеді – 6:3. Екі сағат 47 минутқа созылған кездесу барысында Скатов 12 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейкпен көзге түсті. Осылайша Тимофей ел құрамасына алғашқы жеңісті сыйлаған болатын.

Екінші матчта Александр Бублик есепті 2:0-ге жеткізді. Әлемнің 29-ракеткасы Бублик дүниежүзілік рейтингте 569-орында тұрған Янаки Милевпен кортқа шықты. Бірінші партияны қазақстандық теннисші брейкпен бітірді – 6:4. Екінші сетте Бублик бірден брейк жасап, 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:1. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Александр 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Ал іріктеу матчтарының екінші күні Александр Бублик жекелей сында рейтингте 179-орындағы Димитар Кузмановпен сынға түсті. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді. Бір сағат 41 минутқа созылған кездесуде Бублик 7 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Кузманов 1 эйс, 3 брейкпен (15 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Александр Бублик есепті 3:1-ге жеткізді. Қалған бір бәсеке ойналса да, ештеңені шешпейді.

Қазақстан құрамасы алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шығу үшін шешуші матч өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу