Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында Gumi Civic Stadium стадионында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан XXVI Азия чемпионатында қоржынымызға екінші жүлде түсті. Бұл Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын.
10 000 метр қашықтыққа жүгіруде Дейзи Джепкемей өзінің жеке рекордын 4 секундқа жаңартып, айқын басымдықпен топ жарды.
Дейзи Джепкемей 30:48:44 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кессе, жапониялық Ририка Хиронака (30:56:32) күміс жүлдегер атанды. Ал, оның отандасы Микуни Яда (31:12:21) қола жүлдені қанағат тұтты.
Бұл байрақты бәсекеге Азия құрлығының 43 елінен 2000-нан астам спортшы қатысып жатыр. Чемпионат бағдарламасына жүгіру, секіру және эстафета сияқты 45 түрлі жарыс түрі енген. Турнир 31 мамырға дейін жалғасады.
Айта кетейік, 27 мамыр күні осы жарыста тағы бір қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте жеке рекордын тіркеп (1:32.15), қола медаль иеленген болатын.