Венесуэла вице-президенті Делси Родригес ресми түрде президент міндетін атқарушы қызметіне кірісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Салтанатты рәсім Парламентте өтті, оны төраға Хорхе Родригес қабылдады.
– Мен мұнда Венесуэла Боливар Республикасының конституциялық президенті Николас Мадуро Моростың атқарушы вице-президенті ретінде ант қабылдау үшін келдім. Мен мұны Венесуэла халқына, біздің отанымызға қарсы заңсыз әскери агрессия салдарынан болған қасірет ретінде қинала қабылдаймын, – деді Делси Родригес.
Айта кетейік, 3 қаңтар күні Дональд Трамп Венесуэла президенті жұбайымен бірге ұсталып, елден эвакуацияланған болатын.
Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флореске наркотерроризмге қатысты, атап айтқанда кокаин әкелу, пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды сақтау, АҚШ-қа қарсы пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды иемдену үшін сөз байласу айыптары тағылды.
Сол күні Венесуэланың Жоғарғы соты вице-президент Делси Родригесті ел президентінің міндетін атқаруға міндеттеді.
Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның әйелін тасымалдаған брондалған көлік Нью-Йорктегі федералды сот ғимаратына келді. Ерлі-зайыпты алдымен Нью-Йорк түрмесінен сот ғимараты жанындағы ауданға тікұшақпен жеткізілді. Содан кейін олар сот ғимаратына брондалған көлікпен барды.
Алғашқы сот мәжілісінде Мадуро мен оның әйелі өздеріне тағылған кінәні мойындамады. Келесі сот отырысы 17 наурызда өтеді.