Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

257

Маунтинбайктан Қазақстан құрамасының өкілі Денис Сергиенко Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы XCO дисциплинасында екінші нәтиже көрсетті. Сергиенко жарыс жолын 1:24:47 уақытта аяқтады.

Алтын медальді жапониялық Рики Китабаяси жеңіп алды. Үздік үштікті қытайлық Юань Цзиньвэй түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін жастар санатында Юлия Ли XCO және XCC дисциплиналарында екі қола медаль жеңіп алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу