Denis Ten Memorial Challenge 2026 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті

161

Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған турнир өтті.  

Denis Ten Memorial Challenge 2026 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Denis Ten Memorial Challenge 2026 халықаралық турниріне әлемнің 20-дан астам елінен 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысты. Төрт күн ішінде турнирді 10 мыңға жуық көрермен тамашалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан 204,36 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды. Турнир 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger Series жарыстар сериясы аясында өтті.

Бағдарлама аясында әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, "Естелігі өшпейтін мұз" атты гала-шоу өтті. Оған турнир жүлдегерлері, арнайы шақырылған спортшылар және Денис Тен академиясының тәрбиеленушілері қатысты.

Осылайша, Denis Ten Memorial Challenge турнирі Денис Теннің спорттық мұрасын дәріптеп, жас мәнерлеп сырғанаушыларға халықаралық деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік беріп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу