Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

351

Министрлік мәліметінше, елде коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай әзірге тұрақты.  

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі сырқаттану пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізіп отырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2025 жылдың басынан бері жалпы 329 жағдай тіркелді, ешкім қайтыс болған жоқ. Былтырғы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану 3,7 есеге азайған. Республика бойынша аптасына 25 жағдайға дейін тіркеледі. Инфекциялық төсек жүктемесі – 27%, реанимациялық төсек-орындар – 2%, сондай-ақ стационарларда коронавирус инфекциясымен 2 науқас ем қабылдап жатыр, олардың жағдайы орташа ауыр", – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазақстанда да 2022 жылы алғаш анықталған Омикрон нұсқасының штамдары жүр.

Омикрон нұсқасы 30-дан аса мутацияны қамтиды, бірақ ауру жеңіл өтеді, сондықтан стационарлық емдеу қажет емес. Аурудың негізгі симптомдары – жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жөтел.

Басқа елдерде сырқат саны өсіп келе жатқанын ескеріп,  Денсаулық сақтау министрлігі келесі кеңесті ұсынады:

  • жіті респираторлық инфекциямен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;
  • қолды, әсіресе науқаспен тікелей байланыстан кейін жиі жуу;
  •  үй-жайларды тұрақты түрде желдету;
  •  ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу