Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

616

Алаяқтар енді халықты скринингтен өтуге "шақыра" бастады.  

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады Фото: gov.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Алаяқтар медициналық ұйымдардың атынан қоңырау шалып, СМС арқылы келген кодты жазып, тексеруден өтетінін растауды сұрайды. Ешқандай мемлекеттік медициналық мекеме СМС код арқылы жазбаны растауды талап етпейді", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Мұндай код цифрлық қызметтерге кіру немесе операцияларды растау үшін қолданылады және оларды басқа адамға мүлде беруге болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу