Қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек Жапонияның Аичи–Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алып, құрлық рекордын жаңартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Спортшы ерлер арасында S10 санатында 100 метрге шалқалай жүзуден финалда 1 минут 1,98 секунд нәтиже көрсетті. Осылайша ол Азияның бұрынғы 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты.
Сонымен қатар бүгін, 20 қазанда Диас Кенжебек SM10 санатында 200 метрге кешенді жүзуден 2 минут 21,61 секунд нәтижемен күміс медаль иеленді.
Бұл – Қазақстан құрамасының Азия Пара ойындарындағы бесінші алтыны. Ал Диас Кенжебектің жарыстағы медаль саны үшке жетті. Ол бұған дейін 100 метрге еркін стильде жүзуден күміс жүлде алған еді.