Димаш Құдайбергеннің әні Польшада бір жылдан бері көш бастап тұр

Мұндай сүйінші ақпаратты dimashnews.com сайты жазды.  

Димаш Құдайбергеннің әні Польшада бір жылдан бері көш бастап тұр Фото: dimashnews.com

Даңқты әншінің "Love’s Not Over Yet" композициясы Radio Olsztyn (Польша) хит-парадында 52 апта бойы бірінші орынды ешкімге бермей келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Димаш Құдайбергеннің әні осы кезең аралығында тек бір рет қана көшбасшылықты уақытша жоғалқан. Десе де, бір аптадан соң қайта рейтингтің жоғарғы сатысына оралған. Чарттың шыңында ұзақ уақыт бойы тұрақтауы сәтті туынды болуынан ғана емес, сонымен қатар Польша тыңдармандары тарапынан көрсетілген айрықша қолдауды да айғақтаса керек-ті.

Хит-парад архивіндегі "1. Bez zmian. 52 tydzień na liście" деген атау "1. Өзгеріссіз. Тізімдегі 52-апта" деп аударылады. Бұл композицияның рейтингтің ең жоғары сатысында рекордтық мерзім бойы тұрғанын дәлелдеп отыр.

Айта кетейік, Түркістанда түсірілген халықаралық тележоба 100 миллионнан аса қаралым жинаған еді.

2025 жылы ол атқарушы продюсерлік ететін "Voice Beyond Horizon" халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу