80 келіден жоғары салмақтың финалында Исламбекова үндістандық Алфия Патханға қарсы шаршы алаңға шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жекпе-жектің алғашқы раундынан-ақ Дина басымдықты өз қолына алды. Бастапқы үш минутта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Одан кейін де отандасымыз рингтегі үстемдігін жалғастырды. Үшінші раундта ол тағы да қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде, Исламбекова айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу